Миланда «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты I Халықаралық форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миланда «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты I Халықаралық форум өтеді

15.10.2015
Миланда «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты I  Халықаралық форум өтеді

Аталмыш шараны «EXPO&WOMЕN» халықаралық ұйымы мен италияндықтардың ART&GUSTO экономикалық және мәдени ықпалдастық жобасы ұйымдастырады.   

Бүгінде  «EXPO&WOMЕN» түрлі салалар бойынша ең белсенді, іскер әйел азаматтардың басын қосатын танымал әйелдер ұйымына айналып үлгерді. Аталмыш ұйымның мақсаты – әлемді және Қазақстан әйелдерін Милан-2015, Анталия EXPO-2016, Астана EXPO-2017, Дубай EXPO-2020 сияқты ЭКСПО қозғаластарына тарту болып табылады.

«EXPO&WOMЕN» «Болашақ энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты I  Халықаралық форум аясында EXPO көрмесі өткен және осы бағытта мол тәжірибе жинаған елдердің әйелдер ұйымдарының әріптестігін қалыптастыруды мақсат етеді.    

«Бүгінгі таңда барлық елдердің өкілдерін EXPO-2017 «Болашақтың энергиясы» көрмесіне қатысу идеясын жеткізу, бүгінгі таңда тұрақты даму үшін қандай инновациялар қолданылатындығын және «жасыл» экономика біздің планетамыз үшін  қандай ұғымды білдіретін  болатындығын түсіндіру маңызды міндет болып табылады»,-делінген «EXPO&WOMЕN» ұйымы таратқан ақпаратта.

«Болашақтың энергиясы» тақырыбы иннһовациялар үшін бай әлеуетке ие, бұны «Online EXPO-2017» республикалық байқауының бірінші кезеңі көрсетіп берді.  

 

  

 

Хабарламаларға жазылу