Астанада Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақжайықтың ақ шағаласы» атты кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақжайықтың ақ шағаласы» атты кеші өтеді

13.11.2014
Астанада  Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақжайықтың ақ шағаласы» атты кеші өтеді

15 қарашада Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақжайықтың ақ шағаласы» атты шығармашылық кеші өтеді.

Шараға зиялы қауым өкілдері және эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Гауһар Қаспақова, Сәуле Жанпейісова және тағы басқа орындаушылар қатысады.

Айта кетейік, биыл ақын 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай ұйымдастырылған шаралар ақынның туған жері - еліміздің батыс өңірінен бастау алып, жалғасын табуда. 

Хабарламаларға жазылу