Ақын Ясира Заханқызының шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Ясира Заханқызының шығармашылық кеші өтеді

30.10.2014
Ақын Ясира Заханқызының шығармашылық кеші өтеді

Қараша айының 3-і күні Алматыда ақын Ясира Заханқызының шығармашылық кеші өтеді. Осыған орай ақын «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бұл менің алғашқы шығармашылық кешім. Кешке Мақпал Жүнісова,  Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Ақбота Керімбекова, Әлішер Кәрімов және т.б. өнер жұлдыздары қатысады. Кеште өлеңдерім оқылып, әндерім айтылады. Басқа да композиторлардың туындылары орындалады»,-дейді.

«Әнге тапсырыс беретін әншілер баршылық. Әсіресе, жастардан сұраныс көп түседі. Бағытым көбіне – сезім, махаббат. Себебі, тапсырыстың дені осыны сұрайды»,-дейді ақын.

«Әнге тапсырыс беретін әншілермен мен доспын. Олардың жан дүниесін түсіне аламын. Оларға не керегін бірден біле қоямын».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу