Корея Халық Демократиялық Республикасы «Эбола» безгегінің таралуына байланысты шетел туристері үшін шекараны жабуды жоспарлаған. Солтүстік Кореяға жол 24 қазаннан бастап жабылмақ, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Бұл сақтық шарасы туралы Қытайда жұмыс істейтін бірқатар туристік агенттіктер арқылы белгілі болды.
Айта кетеу крек, мұндай тыйым туристің қай елде болған-болмағаны тексерілмей-ақ, барлық туристерге қатысты қолданылатыны айтылған.
Әзірге бұл шараның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.