Еуропалық Одақ елдері туристеріне ішкі шекараларын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ елдері туристеріне ішкі шекараларын ашты

15.06.2020

Бүгін Еуропаның бірқатар мемлекеті Еуропалық Одақ пен Шенген аймағындағы елдердің туристеріне ішкі шекараны ашты. Бірақ, әр мемлекеттің өз тәртібі бар. Мәселен, Грекияға Одақтың 8 елінің әуежайынан жеткендер міндетті түрде тест тапсырады. Тест қорытындысы теріс болып шықса турист 7 күн, ал оң нәтиже көрсетсе 14 күн карантинге жабылады. Нидерландқа да Ұлыбритания мен Швециядан келетіндер екі апта карантинде болады. Данияға әзірге тек Исландия, Германия мен Норвегия туристері ғана сапарлай алады. Ол үшін меймандар қонақ үйді кем дегенде 6 түнге жалдаулары тиіс. Испания Еуродақ елдеріне шекарасын 21-маусымда ашпақ. Жалпы, Еуроодақ елдерінің сыртқы шекарасы 1-шілдеден бастап біртіндеп ашылады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу