Ким Чен Ын «Жеңілмейтін әскер» құруға уәде берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ын «Жеңілмейтін әскер» құруға уәде берді

12.10.2021

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын «жеңілмейтін әскер» құруға уәде берді. Айтуынша, мұндай армия АҚШ-тың дұшпандық саясатына қарсы тұруға қажет екен. Тағы бір сөзінде ол қару-жарақты жетілдіру соғыс бастау үшін емес, өзін-өзі қорғауға керектігін атап өтті. Ким үнемі қорғанысты күшейту жөнінде мәлімдемлер жасап келеді. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұндай сөздер кедейленген халықты біріктіру үшін қажет.Айта кетсек, Солтүстік Корея пандемияны тоқтату мақсатында шекарасын жауып, ауыр экономикалық жағдайға душар болды. Бұл елге қазір тіпті басты саяси және экономикалық одақтасы – Қытайдың өзінен азық-түлік пен отын тасымалдау тоқтатылып отыр.


Хабарламаларға жазылу