«Өз сөзім». АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидерінің кездесуі өте ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өз сөзім». АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидерінің кездесуі өте ме?

27.05.2018

АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидерінің кездесуі өте ме, өтпей ме? Бейсенбіде Сингапурдегі саммит болмайтынын мәлімдеген Трамп ертеңінде саммиттің өтуі мүмкін екенін меңзеп шыға келді. Сол кездесуге әзірлену үшін Ақ үй мен АҚШ мемлекеттік департаментінің отыз шақты қызметкері Сингапурға аттаныпты-мыс. Ким Чен Ын райынан қайтып, саммитке келе қалған жағдайда деген ой ғой. Ал, кеше шекаралық аймақта Оңтүстік Корея президенті мен Солтүстік Корея лидері кездесіп, екі сағаттай сөйлесті деген ақпар тарады. Бірақ, Мун Чже Ин бірбеткей Ким Чен Ынды кездесуге көндіре ала ма? Әзірге АҚШ пен Солтүстік Корея лидерлерінің неге пәтуаласа алмай қалғандары «Өз сөзім» айдарында.

 

Нұрмұхаммед БАЙҒАРАЕВ

Хабарламаларға жазылу