Солтүстік Қазақстан облысының «Туған жер» би ансамблі Оңтүстік Кореядағы Чонан қаласында өткен халықаралық халық биі фестивалінде жоғары кәсіби дайындық пен актерлік шеберліктері үшін арнайы сыйлыққа ие болды.
Фестивальге әлемнің 21 елінің бишілері қатысты.
«Туған жер» би ансамблі байқауда тек халық билерін ғана емес, сонымен бірге заманауи композицияларды да орындады.
Жекелей сында ансамбльдің солисі Самат Жұмажанов арнайы сыйға ие болып, әлемнің үздік бишілерінің ондығына енді.