Астанада ҚР Ұлттық музейінде Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен XVII Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, спорт түрлері бойынша Ұлттық федерация басшылары, XVII Жазғы Азия ойындарындағы ҚР спорт делегациясының жаттықтықтырушылары мен мүшелері қатысты.
Инчхонда өткен Азия ойындары 2014 жылдың 19-қыркүйегі мен 4-қазан аралығында өткен еді. Азия құрлығының 45 елінен 10 мыңға жуық спортшы қатысқан бұл бәсекеді қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте 82 медальмен 4-ші орын иеленді. Олар 28 алтын, 23 күміс және 33 қола жүлде ұтып алды. Алтын медальдар саны бойынша (28) Қазақстан Ұлттық құрамасы 1994 жылғы рекордты жаңартты.