Дэвис Кубогын қазақстандықтар жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дэвис Кубогын қазақстандықтар жеңіспен бастады

17.07.2015
Дэвис Кубогын қазақстандықтар жеңіспен бастады

Дэвис Кубогының ширек финалы қазақстандық теннисшілері үшін сәтті басталды.

Бәсекенің алғашқы күні қарсыластарын ұтқан Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов жанкүйерлер сенімін ақтады.

Дэвис Кубогының алғашқы кездесуінде қазақстандық Михаил Кукушкин Танаси Коккинакисті жеңді.

Алғашқы партияда Қазақстанның бірінші нөмірлі ракеткасы 6:4 нәтижесімен басым түскенімен, ойынның екінші бөлігінде австралиялық теннисші біраз басымдық танытты.

Алайда, брэйк жасаған отандасымыз қалған екі сетте де алда болды. Нәтижесінде қорытынды есеп - 6:4, 6:3 және 6:3.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу