Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль Кубогының ширек финалына шықты.
Ол екінші айналымда турнирдің төртінші, әлемнің он тоғызыншы ракеткасы, италиялық Фабио Фоньиниді ұтты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұл жеңістен кейін Михаил Кукушкин жеке кездесуде 2:1 есебімен алға шықты.
Енді ол ширек финалда ресейлік Михаил Южный мен аргентиналық Хуан Монако кездесуінің жеңімпазымен жолығады.
Еске сала кетейік, Михаил Кукушкин бірінші айналымда ресейлік жас теннисші Карен Хачановтан 6:7 (3:7), 6:0, 6:2 есебімен басым түскен еді.
Фото: tennistv.com