Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ақпараттық қауіпсіздік кафедрасы ашылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік және технология институтының директоры Ержан Сейітқұлов айтты.
Е.Сейітқұловтың сөзіне қарағанда, университетте ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кадрларды даярлау үшін зор ғылыми әлеует бар. Бұдан бөлек, еліміздің Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, осы салаға қатысты көптеген жоба жүзеге асырылып келеді.
Сондай-ақ, елімізде бұл саладағы мамандарды бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша дайындауда проблемалар орын алуда, деді Ержан Сейітқұлов.