Түркітілдес туысқан елдердің президенттері Астана саммитінде бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркітілдес туысқан елдердің президенттері Астана саммитінде бас қосты

11.09.2015
Түркітілдес туысқан елдердің президенттері Астана саммитінде бас қосты

Түбі бір Түркі бауырлас елдерді жалғайтын алтын көпір ортақ телеарна ашылады.  Ақордада  өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің 5-ші саммитінде  Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Бүгіннен бастап кеңеске Қазақстан төрағалық етеді. Сондай-ақ, президенттер ақпараттық кеңістік саласындағы қауіпсіздік мәселесін талқыға салды.

Түркітілдес туысқан ел басшыларының алғашқы саммиті 2011-ші жылы Алматыда өтті. Осымен 5-ші мәрте ұйымдастырылған биылғы саммит  дағдарыспен тұспа-тұс келді. Осындай өтпелі кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдерді бірлікке шақырды.

Президенттер келер жылғы саммит «Түркі тілдес елдердің ұлттық ойындары» тақырыбы аясында өтетінін бекітті. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу