Алматыда Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтуде

03.04.2015
Алматыда Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтуде

Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жидегүл Әбдіжәділқызының 50 жылдық мерейтойына арналған республикалық дөңгелек үстел өтуде.

Шараны ұйымдастырушы: ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, профессор Қ.Бекхожин атындағы «Жас зерттеушілер» және профессор М. Барманқұлов атындағы «Телезертхана» үйірмелері.

Дөңгелек үстел тақырыбы – «Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелері мен даму тенденциялары: ұлттық мүдде, ақпараттық қауіпсіздік, кәсіби ұшқырлық».

Жиында Қазақстан журналистикасының аға буын өкілдері, Қазақ радиосының ардагері Руслана Құдайбергенқызы, «Қазақ энциклопедиясы» баспасының басшысы, профессор Бауыржан Жақып, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының продюсері Сәуле Жиреншина, профессорлар Гүлмира Сұлтанбаева, Назгүл Шыңғысова және т.б. отандық баспасөз туралы ой-пікірлерімен бөлісуде.

Хабарламаларға жазылу