Ұлттық Ұлан 360 сарбазбен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық Ұлан 360 сарбазбен толықты

12.07.2014
Ұлттық Ұлан 360 сарбазбен толықты

Бүгін Ұлттық ұлан қатары 360 сарбазбен толықты. «Отан Ана» монументі алдында өткен шарада жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Рәсім тәжік-ауған шекарасында мерт болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл қоюмен басталды.

Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов сарбаздарға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Айта кету керек, биыл Ұлттық Ұлан қатарына 5 мыңға жуық жас жауынгер қабылданады. Салтанатты шара шымылдығы жас сарбаздардың шеруімен жабылды.

Мереке Қырғызбаев, жас сарбаз:

Жамбыл облысы, Тараз қаласынан 6636 әскери Ұлттық ұлан гвардиясына әскери борышымды өтеуге келдім. Отан алдындағы борышымды өтеген соң, алдағы уақытта көптеген жоспарлар бар.

Шырақ БАЙКЕНОВА

 

Хабарламаларға жазылу