«Жас ұлан-2014» әскери әндер байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас ұлан-2014» әскери әндер байқауының жеңімпаздары марапатталды

18.10.2014
«Жас ұлан-2014» әскери әндер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада екінші рет өткізіліп отырған «Жас ұлан» әскери ән байқауының биылғы ерекшелігі – сайысқа әскери мектеп, колледж студенттері де қатысты.

Елдің әр аймағынан жиналған 135 әскери бір апта бойы сайысқа түсті. Қатысушылар қазақ композиторларының туындыларымен қатар шетел әндерін, кейбірі тіпті өз шығармаларын орындады. 

Әділқазылар әскери әншілерді «вокал», «фольклор», «вокалдық-аспаптық ансамбль» номинациялары бойынша бағалады.

Нәтижесінде озық шыққан 13 қатысушы Астанада өткен қорытынды гала-концертте марапатталды. Ал, сайыстың бас жүлдесін Семейден келген 8-сынып оқушысы Мират Жақсылықов жеңіп алды. 

Әлия ӘШІМ

 

Хабарламаларға жазылу