Елордадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебіне жаңа толқын, жас сарбаздар қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебіне жаңа толқын, жас сарбаздар қабылданды

29.08.2019

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебіне жаңа толқын қабылданды. Олар бастауыш сыныптан-ақ әскери болуды армандап, ақыры сарбаз атанып отыр. Бұл оқу орнын бітіріп шыққан талай жас қазірде еліміздің қорғаныс саласында белсенді қызмет етіп жүр.

 «Жас Ұлан» мектебінің алды абыр-сабыр. Ата-аналар балаларының Сағадат Нұрмағамбетов сынды сардарға айналуын тілеп әскери оқу орнына тапсырып жатыр.

Айдарбек әкесі секілді әскери болғысы келген. Арманына жетті. Енді еркелікті қойып, қатал тәртіпке мойынсұнуға дайын. Ол: «Жаңа киген формаға да, абыройға да дақ түсірмеймін»,-дейді.

Айдарбек Егізбаев, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің курсанты:

Кішкентай кезімнен әкемнің әскерде қызмет кеткен фотоларын көріп әскери борышымды ақтау деген ниетім болды. Осы мектепке түскеннен кейін бар қорқынышымды жойып, ешқандай қиындыққа қарамастан Отанымды қорғаймын деген арманым бар. Сол арманыма келе жатқаныма қуаныштымын.

Биыл оқу орнына қабылданғандар қатары 240-тан асқан. Жаңа білім беру мазмұнымен оқытылады. Техникалық пәндермен қатар шет тілдеріне басымдық берілген. Жатар орын таза, бес мезгіл тамағы тегін. Тек теория мен тәжірибені ұштастырып шыңдалу ғана керек.

Серік Байқұлов, «Жас Ұлан» республикалық мектебі басшысының орынбасары:

Оқу жүйесінің бәрі толығымен әскериленген. Біздікі құрлық әскері бар, әскери теңіз күштері бар, әуе қорғаныс күштері бар. Біздің оқу жүйесі соған негізделген. Мектепке түсуге ниет білдірген балалардың саны жылдан жылға артып жатыр. Себебі біздің республикалық мектеп болғандықтан біздің өз режим, өз тәртібіміз бар. Содан балалар шыңдалады.

«Жас Ұлан» мектебін әскери жоғары оқу орнына дайындық деуге болады. Яғни балалардың жастайынан әскери өмірге бейімделіп, ел қорғаны болып қалыптасуына жол ашады. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу