Еуропа қазақтарының жағдайы қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа қазақтарының жағдайы қалай?

16.10.2014
Еуропа қазақтарының жағдайы қалай?

Еуропадағы қазақ диаспорасының басым бөлігі Түркиядан барғандар. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шығыс Түркістаннан шыққан көш Ауғанстан, Иран, Үндістанды басып өтіп, Анадолыдан бірақ шықты. 1972 жылы олар Түрік үкіметіне өтініш жасады.

Сол жылы оларға Стамбулдан құрылыс салу үшін жер берілді. Көшіп барған қандастарымыз бұл ауданды Қазақкент деп атап кетті. Бүгінде Түркияда 30 мыңдай қазақ бар. Анадолыдағы ағайынның бір тобы жұмыс іздеп, 80-ші жылдары Еуропаға тарай бастады. Оның ішінде басым бөлігі Германияда тұрады.

«Мен 13 жылдан бері Берлинде тұрамын. Қазақ қоғамына  18 отбасы мүше. Ал жалпы Берлинде 25 қазақ отбасы тұрады»,- дейді Берлиндегі Қазақ ассоциациясының төрағасы Бешеритхан Малабакан.

«Қазақтар алғаш Түркиядан келгенде Кельнге орныққан. Бұл - қазақ ең көп шоғарланған жер. Қазақ мәдени орталығын құрғанбыз. Түрлі тойды, мәдени шараларды осы орталықта өткіземіз. Барынша қазақыландыруға тырысамыз. Ұлттық музыкалық аспаптарымызды да ұмытпауға тырысамыз»,-дейді Германияның қазағы Шұғайб Эрроглу.

Еуропадағы қазақ мәдени орталықтарының есебінше, 15 мыңдай қандас бар. Ал, Ресейде шамамен 1 миллион қазақ есепте тұр. Еуропаның 10 қаласында қазақ орталықтары жұмыс істейді. Демографтар шеттегі қазақтар 4,5 миллионның айналасында деген пікірде.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу