Ғалымқайыр Мұтановтың кітабы әлемдік ірі баспаның бірінен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымқайыр Мұтановтың кітабы әлемдік ірі баспаның бірінен шықты

15.10.2014
Ғалымқайыр Мұтановтың кітабы әлемдік ірі баспаның бірінен шықты

Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара Германиядағы «Frankfurter Buchmesse-2014» деп аталатын халықаралық кітап көрмесі аясында өткізілді.

Жыл сайын «Frankfurter Buchmesse» көрмесіне әлемнің 100 мемлекеті мен 300 мыңнан астам адам қатысады.

Сондай-ақ, көрмеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық «Springer» компаниясының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған келісімшарт қазақстандық ғалымдарға заманауи ғылыми-техникалық әдебиетке - кітаптарға, журналдарға, конференция материалдарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді және Қазақстан ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу