Пулитцер сыйлығының иегері Харпер Лидің екінші романы жарық көрді

18.07.2015
Пулитцер сыйлығының иегері Харпер Лидің екінші романы жарық көрді

Америкалық жазушы Харпер Лидің «Пойди поставь сторожа» («Go Set a Watchman») атты екінші романы әлемдік сатылымға шықты.  

Харпер Ли 1960 жылы алғашқы әрі жалғыз «Сайқымазақты өлтіру» («Убить пересмешника») атты романы жарыққа шыққанда әлемге танылған. Осы кітабы үшін ол Пулитцер сыйлығын иеленген. Х.Лидің осы жалғыз романы АҚШ-тың ең құрметті сыйлықтарын иеленіп, америкалық оқырмандар арасында ғасырдың үздік романы атанған. Қазір 89 жасқа келген мүмкіндігі шектеулі жазушы қарттар үйінде тұрады.

Жаңа романның мәтінімен танысқан сыншылар Харпер Лидің екі шығармасын ортақ кейіпкерлер біріктіретінін айтқан. Тіпті «Пойди поставь сторожа» романында «Сайқымазақты өлтіру» шығармасында кездесетін мәтіндер бар.

Жазушының жаңа туындысы бұрынғы романда көтерілген теңсіздік мәселелерін қозғайды. Шығармада есейген Джин-Луиза Фитчтің Нью-Йорктен туған қаласы Мейкомбқа (Алабама штаты) оралуы суреттеледі. Ал, оның адвокат әкесі Аттикус Фитчтің нәсілшіл әрі нәсілдік сегрегацияны қолдайтын болып шығады. Өмір бойы мінсіз санаған әкесінің мұндай халін көрген 26 жастағы әйел үшін бұл ауыр соққы болып, қатты түңілтеді.

Жазушының досы тарихшы Вейн Флинттың (Wayne Flynt) айтуынша жуырда Харпер Лидің кем дегенде тағы екі кітабы жарыққа шықпақ.

 

Хабарламаларға жазылу