ҚР Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жарияланды

15.10.2014
ҚР Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жарияланды

«Дарын» Мемлекеттiк жастар сыйлығы Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметтерi үшiн берiледi. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.

Сыйлық: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.

«Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына қызметі инновациялық болып табылатын, тиісті саланы және жалпы қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.

Хабарламаларға жазылу