Димаш Құдайбергенов елбасы қоры сыйлығының лауреаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергенов елбасы қоры сыйлығының лауреаты

04.03.2017

«Бұл марапат мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік»,-дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

Қазақ елін әлемгетанытқан Димаш ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты атанды. «I am singer» жобасының қатысушысы Қытайда жүргендіктен, бүгінгі марапаттау салтанатына әкесі Қанат Айтбаев қатысты.

Қордың сыйлығына елдің әр қиырынан 127 өтініш түскен. Оларды мұқият қарап, сараптаудан өткізген комиссия 18 жобаны үздік деп таныды. Бүгін іріктеліп алынған жастар, лайықты сыйлықтарын алды.

«Бұл марапат мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік»,-дейді Димаштың әкесі.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу