Алматыда Бибiгүл Төлегенованың мерейтойлық кешi өтедi - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Бибiгүл Төлегенованың мерейтойлық кешi өтедi

30.11.2014
Алматыда Бибiгүл Төлегенованың мерейтойлық кешi өтедi

20 желтоқсанда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театрында КСРО Халық әртiсi, Социалистiк Еңбек Ерi, КСРО мен Қазақстанның Мемлекеттiк сыйлықтарының лауреаты, академик Бибiгүл Төлегенованың мерейтойлық кешi өтедi. Бұл туралы театрдың ресми сайтында хабарланды.

Қонақ ретiнде кешке ҚР Еңбек сiңiрген әртiсi Майра Мұхамедқызы, Өзбекстан Еңбек сiңiрген әртiсi Рамис Усманов, Қазақстанның Еңбек сiңiрген қайраткерлерi Сара Ищанова, Андрей Трегубенко, Гүлзат Даурбаева, Толқын Забирова мен Жәмилә Серкебаева, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрi, хор, балетi және Бибiгүл Төлегенованың iзбасарлары мен оқушылары қатысады. Дирижер - Ерболат Ахмедияров. Режиссер - Наталья Кагадий.

Хабарламаларға жазылу