«Дала дауысы». «Жана есім» номинациясы бойынша финалға жолдама алған алғашқы бес үміткер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы». «Жана есім» номинациясы бойынша финалға жолдама алған алғашқы бес үміткер анықталды

17.10.2014
«Дала дауысы». «Жана есім» номинациясы бойынша финалға жолдама алған алғашқы бес үміткер анықталды

ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестиваліне «Жана есім» номинациясы бойынша қатысатын үміткерлерге дауыс беру жалғасуда. Бұл номинация бойынша алғашқы аптада интернет қолданушылардың көп дауысына ие болған 5 орындаушы финалға жолдама алды. Олар: «Алдаспан» тобы, «Шамшырақ» тобы, Амангелді мен Зағыпран, Маржан Исаева және «Джуниорс» тобы.

Айта кетейік, «Жаңа есім» номинациясы бойынша қатысатын үміткерлерге дауыс беру 23 қазанда аяқталады. Үздік орындаушыларға www.daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс беруге болады.

Үздік әншіні бірге анықтайық, дауыс беріңіздер!

Хабарламаларға жазылу