Геннадий Головкин: Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыруды қашан да қолдаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин: Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыруды қашан да қолдаймын

11.05.2016
Геннадий Головкин: Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыруды қашан да қолдаймын

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Астанада бокс кешін өткізуге, оны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орайластыруға ниетті екенін білдірді.

«Біздің елімізде жекпе-жек ұйымдастыруды қашан да қолдаймын. Бірінші кезекте, біздің адамдарымыз осындай шоу көруге бұрыннан лайықты. Бұл ретте, билік өкілдері, спорт және бокс басшылары, бұл жекпе-жекті ұйымдастыра алатындар түсіністік танытуы керек. Келесі жылы Астанада ЭКСПО көрмесі өтеді, Қазақстандағы жекпе-жекті соған неге орайластырмасқа?  ЭКСПО-2017 көрмесінің елшісі ретінде мен бұл жекпе-жек арқылы көрермендердің осындай үлкен оқиғаға назарын аударту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», - деп жазды Головкиннің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобының парақшасында.

Ол командасының деңгейі жағынан ТМД аумағында бірінші рет өтетін ұмытылмас бокс кешін өткізуге дайын екенін айтты. GGG Team-да бұл оқиғаға жұлдыздар, бокс әлемінің аңызға айналған тұлғаларын шақырып, Америкадағы бокс кештерінен кем түспейтін шоу өткізуге ниетті.

«Бүкіл әлемнің назары Қазақстанға тігіледі және бұл заңдылық деп ойлаймын. Біздің еліміз осындай кешке лайықты», - деді боксшы.

Хабарламаларға жазылу