Павлодар облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 14 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 14 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді

14.10.2014
Павлодар облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 14 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді

Аймақта жетінші жыл қатарымен ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасы.

Акция аясында облыстың жалпы орта білім беру мектептерінің 14356 оқушысы 127405,1 мың теңгеге материалдық көмек алды. Оның ішінде демеушілерді тарту есебінен 5990 оқушыға 50861,6 мың теңгеге көмек көрсетілді. 2013 жылмен салыстырғанда акция қорытындысы бойынша 14724 оқушыға 106757,2 мың теңгеге көмек көрсетілді. Оның ішінде демеушілерді тарту есебінен 6926 оқушыға 40260,9 мың теңгеге көмек көрсетілді.

"Мейірімділік акциясының өтуіне Ақсу ферроқорытпа зауыты, "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы"АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, Песчан жөндеу-механикалық зауыты, Павлодар мемлекетттік педагогикалық институты, Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері мен «М. Х. Қазымов» ЖК, Шарбақты ауданының мәслихат депутаты С. Фоменко, ШҚ басшысы Т. Алишев сынды азаматтар және облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік ұйымдар, депутаттар, ата-аналар қауымдастығы белсене атсалысты. Кәсіпкерлердің қатысуымен Павлодар, Ақсу қалалары мен Ақтоғай, Лебяжі, Қашыр, Успен және Май аудандарында құны нарықтағы бағадан төмендетілген мектеп жәрмеңкелері өткізілді", - делінген хабарламада.

 

 

Хабарламаларға жазылу