Алматыда өткен сенбілікке 165 мыңнан астам адам қатысты
12 қазан күні Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті. Онда көшелер, аулалар, қоғамдық орындар, арықтар мен жасыл желектер тазартылды. Сенбілікке 165 мыңнан алтам алматылық қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Д.Қонаев скверінен бастау алған сенбілік жұмысына қала әкімі Ахметжан Есімов, қоғамдық және жастар бірлестіктерінің өкілдері, ПИК, жоғары және орта білім беретін оқу орындарының студенттері атсалысты.
Қала әкімдігі барлық қатысушыны сенбілікке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Шараға 983 бірлік арнайы техника тартылды.
Жалпықалалық сенбілікке қатысушылардың көмегімен 70 шақырым арық жүйесі мен 35 шақырып өзен арнасы тазартылып, 3 мың шаршы метр қоқыс шығарылды. 2540 көшет егілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектептерде цифрлық сауат және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
13.05.2026, 20:17
Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады
13.05.2026, 20:12
Тас жолдар, пойыз, ұшақ түгел интернетке қосылады
13.05.2026, 20:09
Трамптың Бейжіңге сапары басталды
13.05.2026, 20:09
Тегеран тұрғындары Трамптың Бейжіңге сапарына қатысты пікір білдірді
13.05.2026, 20:08
Таяу Шығыстағы қақтығыс туризмге кері әсер ете ме?
13.05.2026, 20:07
Туристер туроператор таңдағанда нені ескеруі қажет?
13.05.2026, 20:05
Саммитке әзірлік: Қауіпсіздік басты назарда
13.05.2026, 20:05