Елордадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде V халықаралық скрипкашылар конкурсы басталды, деп хабарлайды ҚазҰӨУ баспасөз қызметі.
Байқау мақсаты - классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру. Конкурсқа Қазақстан және шетел скрипкашылары, арнайы оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысады.
Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді: жеткіншектер тобы (15 жасқа дейінгі) және ересектер тобы (16 - 28 жас аралығы). Олар И.С.Бах, Н. Паганини, И. Брамс, П. Чайковский, Д. Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындайды.
Қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева, Эдуард Грач (Ресей), Сергей Кравченко (Ресей), Александр Винницкий (Финляндия), Петр Шереметев (Франция) енген.
Конкурс 17 қазанда гала-концертпен аяқталады.