Астанада V халықаралық скрипкашылар конкурсы басталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада V халықаралық скрипкашылар конкурсы басталды (ВИДЕО)

13.10.2014
Астанада V халықаралық скрипкашылар конкурсы басталды (ВИДЕО)

Астанада V халықаралық скрипкашылар конкурсы басталды. Жеті күнге созылатын бәйгеге биыл 30-ға жуық өнерпаз қатысады. Оның ең кішісі – 16, ал ең үлкені – 28 жаста.

Қатысушылар Иоганн Себастьян Бах, Петр Чайковский, Дмитрий Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындайды. Жеңімпаздарды әлемдік деңгейде аты шыққан, классикалық музыка саласының кіл мықты мамандары анықтайды. Айта кетейік, конкурс екі жылда бір рет өтеді.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу