Бейжіңде автомагистральдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде автомагистральдар жабылды

12.10.2014
Бейжіңде автомагистральдар жабылды

Бейжің үстінен тұрған шаң-тозаңнан көру қиындады. Сол себепті қала бірқатар автомагистральды жабуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаланың көлік қызметтері үшін 10 қазан сағат 23:34-тен бастап Бейжіңнің Харбин мен Тяньцзинді байланыстыратын барлық жол учаскесі жабылған.

11 қазан күні 06:00-ден бастап Бейжің-Кэйфэн, Бейжің-Чэндэ, Бейжің-Шанхай және Бейжің-Сянган-Аомэнь магистральдарындағы қозғалысқа шектеу қойылды.

Тұманға байланысты астананың 6-шы айналма автомобиль жолының жекелеген учаскелері жабылды. Сонымен бірге, Бейжің метросының жер үсті учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша пойыздардың қозғалыс жылдамдығы азайтылған.

Синоптиктердің болжамынша, қалың шаң-тұман сенбінің түніне дейін сейілмейді, сондықтан да жергілікті метеорологиялық қызметтер оның  «сары» қауіптілік деңгейінде екенін жариялады, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.  

Хабарламаларға жазылу