Қытайдың шығысын қар басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың шығысын қар басып қалды

12.01.2018

Қытайдың шығысын қалың қар басып қалды. Елдің Шаньдун провинциясында күн райының қолайсыздығынан автомагистральдар жабылып, көлік қозғалысы қиындай түсті. Автобус аялдамаларында тұру мүмкін емес. Адамдар екпінді желден көшеде жүре алмай әбігерге түсті. Ауа температурасы, әсіресе, Вэйхай қаласында күрт төмендеп кетті. Жол апаттары да көптеп тіркеліп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Жергілікті билік қарды тазартатын техникалар тартып, қажетті шаралар қарқынды түрде қолға алып жатыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу