Қарағанды облысының әкімі жылу беру маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының әкімі жылу беру маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

09.10.2014
Қарағанды облысының әкімі жылу беру маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жылу және қуат беру маусымына дайындықты пысықтау мақсатында «Теплотранзит Қарағанды» және «Қарағанды Жарық» ЖШС болып қайтты, деп хабарлады облыс әкімідігі.

Аймақ басшысы «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-нің мамандандырылған техника мен диспетчерлік қызметін қарап шықты, жылу жүйелерінің жұмысымен танысты, қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап шықты.

Нұрмұхамбет Әбдібеков «Қарағанды Жарық» ЖШС бой түзеп жатқан «Жарық» бекетінің жұмысымен танысты, диспетчерлік қызмет пен «ЭнергоЦОН» жұмысының барысын көрді.

Сонымен қатар,  «Қарағанды Жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламасының тұсаукесері болып, соңынан күз-қыс маусымына электрлік жүйенің дайындығымен танысып қайтты.

Облыс әкімі сапар соңында тиісті мекеме басшыларына жылу беру маусымына дайындықты бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

Хабарламаларға жазылу