Ертіс өзеніне 15 мыңға жуық тұқы жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертіс өзеніне 15 мыңға жуық тұқы жіберілді

09.10.2014
Ертіс өзеніне 15 мыңға жуық тұқы жіберілді

Ертіс өзеніне «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» 15 мыңға жуық тұқы балығын жіберді. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлайды.

Корпорация балықты Ертіске жіберумен бес жылдан бері айналысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 70 мыңнан астам балық жіберген.

Инженерг-эколог Мақсұт Жақұповтың айтуынша, «негізгі мақсат - тұқы тұқымын сақтап, санын көбейту».

Ақсу электр станциясының су шығару каналында тұқыны өсіру бойынша понтон жолдары қызмет жасайды. Балықтың кейбір түрлерінің салмағы 25 келіге дейін жетеді, деп жазады pavlodarnews.kz сайты.

Сурет: pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу