Шығыстағы су қоймалары ертіс өзеніне су жіберіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы су қоймалары ертіс өзеніне су жіберіп жатыр

10.04.2024
Шығыстағы су қоймалары ертіс өзеніне су жіберіп жатыр

Павлодарға соңғы 11 жылда болмаған үлкен су келе жатыр. Шығыстағы Бұқтарма және Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзеніне 6,5 млрд. текше метрден астам су жіберілмек. Алдын-ала мәліметке қарағанда қарт өзеннің бойындағы жайылымдық алқаптардың 90 пайызын су басады деген болжам бар. Сондықтан өңірдің төрт ауданында жиектегі елді мекендерге су кіргізбеу мақсатында арық пен аңғарларды тазалау, жағалауды бекіту жұмыстары басталды. Кенжекөл ауылында құмнан жыра қазылып, екі шақырымнан астам бөгет соғылды.

Медет Сансызбаев, Кенжекөл ауылдық округінің әкімі:

10 құмтасығыш жүк машиналары мен үш жүк тиегіш техника жұмылыдырылды. Осы уақытқа дейін 6 мыңға жуық тонна топырақ әкелінді. Жұмыстар әлі жалғасуда. Кезекшілік бәрі ұйымдастырылған. Күні-түні осында жұмыс жасайтын боламыз. 


Хабарламаларға жазылу