Қарағандыда еріктілер су қоймасына майшабақ жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда еріктілер су қоймасына майшабақ жіберді

06.09.2021

Қарағандыдағы ең ірі Федоров су қоймасына тұқы балығының 7 мың шабағы жіберілді. Оны еріктілер өз ақшасына сатып алған. Өкінішке қарай, соңғы жылдары бұл тоғанда броконьерлердің кесірінен балық саны азайып, санитарлық жағдайы нашарлаған. Ал тұқы балығы жоқтың қасы, - дейді мамандар. Сондықтан таңдау осыған түскен. Балықтың бұл тұқымы Арқаның аязына төзімді, әрі тез көбейеді екен. Ал шабақтың өсімін сақтау үшін 4 жылға дейін қармақ салмаған абзал.

Артем Квитко, балықшы:
Су қоймасындағы эко тепе-теңдікті сақтау үшін, еріктілер бірігіп осындай шешімге келдік. Болашақта балаларымыз алысқа бармай-ақ, осы жерге келіп балық аулап, демалса деген ниетіміз бар. Бұл бастамамыз әлі де жалғасады. Өзге азаматтарға үлгі болса екен дейміз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу