Жылтыр тұқы балығы Есілге жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылтыр тұқы балығы Есілге жіберілді

24.09.2021

Елімізде табиғи су айдындарында балықты көбейту науқаны басталды. Тараздан жеткізілген тұқы балығы Есіл өзеніне жіберілді.

Жарты миллиондай жылтыр тұқы Тараздағы балық шаруашылығынан арнайы цистерналарға тиеліп жеткізілді. Әр бөшкенің салмағы 16 тонна. Балық жолда өліп қалмас үшін техника оттегімен қамтамасыз етілген. Өзендегі тұқы, сазан балықтарын көбейту мен сақтау мақсатында мұндай шаралар жылда өткізіледі. Айта кетейік, бір тұқының салмағы үш жылда шамамен бір жарым келіге дейін жетеді.

Марат Есімсейітов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің өкілі:
Балықтандыру іс-шараларын жүргізу үшін ашық конкурс өтті. Онда Тараздағы балық шаруашылығы жеңіске жетті. Конкурстық комиссия өкілдері шаруа қожалығының қызметін толық тексеріп, техниканың балықты алысқа тасымалдау мүмкіншілігін оң бағалады.


Хабарламаларға жазылу