Семейде Ертіс өзеніне бекіре балықтары жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Ертіс өзеніне бекіре балықтары жіберілді

15.06.2016
Семейде Ертіс өзеніне бекіре балықтары жіберілді

Семейде Ертіс өзеніне бекіре балықтары жіберілді.  Олар 2014 жылдан бері Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Агротехнопарк» ғылыми орталығында өсірілді.

Екі жарым жылда балықтың Ертіс аймағында өсуі, қоректенуі, бейімделуі жан-жақты зерттелді. Бұл жоба елімізде қабылданған аквамәдениетті дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асып отыр. Жалпы Ертіс өзенінде Сібір бекіресі ерте заманнан мекендеген. Дегенмен ғалымдар өткен ғасырдың 60 жылдары шектен шыққан браконьерлік пен экологиялық ахуалдарға байланысты құнды балық толық құрып кетті дейді.

«Агротехнопарк кешенінде өсірілген 50 балықтың 15-і Ертіс өзеніне жіберілді. Қалғаны тоғандарға, арнайы келісім-шартпен жіберіліп, ары қарай олардың өсіп дамуы ұзақ мерзімде зерттелетін болады», - деді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Балнұр Ахметова.

Хабарламаларға жазылу