Астана қаласының Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті «тікелей желі» аясында күн сайын 10-нан астам адамға кеңес береді. Тұтынушылар көбінде бөлшек сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары бойынша мекеменің көмегіне жүгінеді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Айта кетейік, «Тікелей желі» аясында тоғыз айда 72 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 54 пайызы - бөлшек сауда саласы, 22 пайызы - ТКШ, 14 пайызы - тұрмыстық қызметтер болса, байланыс, көлік және білім беру салалары 2,7 пайызын құрайды. Медицинамен байланысты өтініштер саны - 1,3 пайыз.
Қазіргі кезде шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторийдің енгізілуіне байланысты департамент қызметкерлері өтініш берген азаматтарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы кеңес қана бере алады. Білікті мамандар ресми шағым жазуды, қажет болған жағдайда сотқа талап-арыз беру шарттарын түсіндіреді.
Қоғамдық қабылдаулар әр айдың соңғы жұма күнінде өткізіледі.