Балалар үйінен кеткеннен кейін баланың болашағы не болмақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар үйінен кеткеннен кейін баланың болашағы не болмақ?

25.11.2014
Балалар үйінен кеткеннен кейін баланың болашағы не болмақ?

Қазақ «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, баланың көптеп дүниеге келуін тілеп, ұрпағының көбейіп, шаңырағының кеңейгенін жақсылыққа балаған. Ал, бүгінгі қоғамда жетімдер санының артуына не себеп?

Он сегізге толып, балалар үйінен кеткеннен кейін ол баланың болашағы не болмақ? Бірі жалданып, күнделікті нанын тапса, енді біреулері қылмыс жасап, бұзақылықпен айналысады. Сол себепті де, түрмеге түскендердің көпшілігі жетімдер үйінен шыққандар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар болады екен.

«Айтуға оңай...» бағдарламасы бүгінгі санын «жетіммін» деп жасымай, қоғамнан өз орнын тапқан азаматтардың өмірін үлгі ете отырып, ата-анасыз өсіп келе жатқан ұрпақтың өмірге деген құштарлығын көтеруге арнайды.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.05-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу