«Үміт» балалар үйі. Арнайы жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үміт» балалар үйі. Арнайы жоба

04.11.2015
«Үміт» балалар үйі. Арнайы жоба

Халқымыздың балаға деген ықыласы ерекше. «Бала – бауыр етің»,  «Балалы үй – базар», дегенді айтқан да біздің қазақ. Ұлы Абай да «Адамның бір қызығы – бала деген», деп ұрпағыңды көбейтер ұлға, өрісіңді кеңейтер қызға ерекше мән берген.

Бір өкініштісі, сол нәресте  біреулер үшін басты байлық болса, енді біреулер үшін жай ғана тастанды. Қалай болғанда да балаға анасын алмастырар аялы алақан мен шексіз қамқорлық керек.

Осы орайда алғаш ашылғанда-ақ 300-ден астам балаға пана бола білген  Шығыс Қазақстан облысындағы «Үміт» балалар үйі» ойға оралады.

Талай сәбиге мейірімін төккен балалар үйінің ашылғанына биыл – 25 жыл. Осы уақыт аралығында  мұнда жүздеген бала тәрбиеленген.

Балалар үйінің қазіргі тұрмысы туралы арнайы жобаны Ұлттық арнадан бүгін 19:05-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу