Тұңғыш микробтар музейі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш микробтар музейі ашылды

07.10.2014
Тұңғыш микробтар музейі ашылды

Амстердам зообағында әлемдегі микроорганизмдердің тұңғыш музейі  ашылды. Онда жұртшылық назарына тірі ағзалар ұсынылып, мультимедиялық таныстырылымдар да өткізіледі. Бұл туралы The Epoch Times хабарлайды, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

Жер бетінде тіршілік ететін тірі ағзалардың төрттен үш бөлігі адамның көзіне көрінбейді.  Осы мақсатта ашылған музей тек сол микробтарға ғана арналған. Зообақ басшылығының айтуынша, мұндай экспозицияны құру идеясы 20 жыл бұрын пайда болған. Алайда, оны жүзеге асырудың сәті енді ғана түскен.

Зообаққа келушілер микроскоптардың көмегімен микроорганизмдердің тіршілігін бақылай алады. Ал, жағалай орнатылған экрандарда мультимедиялық таныстырылымдар жүргізіледі.

Музейдің ең басты экспонаты – арнайы сканердің көмегімен адам ағзасында тіршілік ететін микробтардан хабардар болуға болады екен.

Хабарламаларға жазылу