Басты Жаңалықтар Маңғыстауда Атазаң дүниеге келді

Маңғыстауда Атазаң дүниеге келді

Маңғыстауда жаңа туған сәбиге Атазаң есімі берілді. Мұнайлы ауданының тұрғыны Айнұр Мұхтарова бесінші ұлын дүниеге әкеліп, оған Атазаң деп ат қойған. Жас босанған ана сәбиі ел үшін маңызды күні дүниеге келгендіктен, осы оқиғаны айрықша белгі ретінде қабылдап, ұлына ерекше есім беруді жөн көрген. Нәрестенің салмағы – 4 келі 130 грамм, бойының ұзындығы – 57 сантиметр. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Айта кетейік, жас босанған ана маңызды саяси науқаннан да шет қалмай, дауыс беріп үлгерді.

Айнұр Мұхтарова, Мұнайлы ауданының тұрғыны:

Қуанышымда шек жоқ, бүгін атаулы күнде есімін Атазаң қойдық, бүгінгі күнге сай келіп тұрғанға солай қойдық, атын отбасымызбен ақылдасып бәріміз, үйдегілер бәрі қолдады.


Бөлісу