Референдум ел болашағы үшін маңызды
Түске дейін Сенат және Мәжіліс төрағалары, Премьер-министр мен Мемлекеттік кеңесші таңдауларын жасады. Лауазымды тұлғалар таңсәріден өздері тіркелген учаскелерге барып, халықпен бірге дауыс берді.
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумда дауыс
берді. Ол өз таңдауын елордадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы №129 дауыс
беру учаскесінде жасады. Бұл учаскеде 2 352 дауыс беруші тіркелген.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Ал Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді. Ол саяси науқанға қатысу – ел болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Үкімет басшысы Олжас Бектенов те референдумда өз таңдауын жасады. Ол елордадағы
Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №130 учаскеде дауыс
берді. Премьер-министр Үкімет өкілдерінің арасынан алғаш болып азаматтық таңдау
жасағандардың бірі болды.
Сондай-ақ Астанадағы №129 дауыс беру учаскесінде таңғы сағат 7:00-де
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз таңдауын жасады. Мемлекеттік кеңесші «Ел болашағына жауапкершілікпен қарау әр
азамат үшін маңызды екенін» атап өтті.
Ерлан
Қарин, Мемлекеттік кеңесші:
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04