Дулат Ақпанбетов қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дулат Ақпанбетов қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы атанды

06.10.2014
Дулат Ақпанбетов  қоян-қолтық  ұрыстан  жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Дулат Ақпанбетов  қоян-қолтық  ұрыстан  жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы атанды.

60 келі салмақта сынға түскен ол финалда  қырғыз спортшысын жеңді. Айта кетейік, Дулат Ақпанбетов  Қарағанды спорт мектебінің өкілі. Жаттықтырушысы – Николай Шедин.

Жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігі 3-6 қазанда Ресейдің Выборг қаласында өтті.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Чехия, Эстония, Иран және Грузия елдерінен келген 14-17 жас аралығындағы 150-ге жуық спортшы қатысты.

Бұл Халықаралық қоян-қолтық федерациясының  осы маусымдағы қорытынды жарысы болды. Оның нәтижесі бойынша 2014 жылдың үздік спортшылары анықталды.

Хабарламаларға жазылу