Қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирдің жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирдің жеңімпаздары марапатталды

07.12.2022

Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирдің марапаттау рәсімі өтті. Жарысқа елдегі күштік құрылымдардың 15 құрама командасы яғни, бас аяғы 160-тан астам спортшы қатысты. Боз кілемдегі белдесуде ерлер сегіз, ал әйелдер үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Екі күнге созылған шарада жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ілияс Мұхамадиев, жарыс жеңімпазы:

Ақтық кездесу өте тартысты болды деп айта аламын. Бүгін менің бағысның мерейі үстеп болды деп ойлаймын. Сол үшінде жеңіске жеттім деп ойлаймын. Келесі жылы Астана қаласында әлем біріншілігі өтеді. Келесі жылға дұрыстап дайындалып, әлем чемпионы болуға тырысамын.


Хабарламаларға жазылу