Астанада қоян-қолтық ұрыстан дүниежүзілік жарыс өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қоян-қолтық ұрыстан дүниежүзілік жарыс өтіп жатыр

19.06.2023

Астанада қоян-қолтық ұрыстан дүниежүзілік дода қыза түсті. Байрақты бәсекеге 32 елден 300-ден аса қатысушы келіп, жүлделерді сарапқа салып жатыр.

Жарыстың алғашқы күндері өзін-өзі қорғау бағыты бойынша бәсекелер өткен еді. Енді спортшылар жекпе-жек бағытымен бақ сынап жатыр. Әзірге Қазақстан құрамында 10-ға жуық алтын бар. Ал жарыстың жалпы қорытындысы бүгін белгілі болады. Айта кетейік, спорттың бұл түрінен әлем чемпионаты елімізде алғаш рет өтіп жатыр.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу