Ереванда II Халықаралық FRESCO фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ереванда II Халықаралық FRESCO фестивалі басталды

29.06.2015
Ереванда  II Халықаралық  FRESCO фестивалі басталды

Қазіргі заманғы өнер мен фильмдердің II Халықаралық FRESCO фестивалі биыл 27 маусым мен 5 шілде аралығында Ереванда және Арменияның өзгеде қалаларында өтеді.

Фестиваль аясында Еревандағы опера және балет театрының аумағында фотокөрме ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, тоғыз күн бойы ашық аспан астында тәулік бойы қызықты фильмдер көрсетілімі өтеді.

Фестивальге зорлық-зомбылық, соғыс, ұлттық, діни қақтығыстарға қарсы көркем және деректі фильмдер қатыстырылады.

Олардың ішінде ерекше әлеуметтік топтағы және мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыстарына ерекше мән берілмек. 

2015 жылғы фестивальдің негізгі бағыты - бейбітшілік идеясы.

Хабарламаларға жазылу