«Бастау» VІІІ халықаралық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бастау» VІІІ халықаралық фестивалі басталды

03.12.2019

Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің «Бастау» VІІІ халықаралық фестивалі басталды.

Биыл дәстүрлі шараның ресми бағдарламасы кеңейіп, екі байқау бірге өтіп жатыр. Солардың бірі - Bastau debuts. Мәселен, толықметражды фильмдердің арасынан 10 картина таңдалды. Сонымен бірге, түрлі байқауларда үздік шыққан қырғызстандық «Аврора», әлемдік жетекші кинофестивальдердің лауреаты атанған біздің «Мәриам» және Үндістан мен Қытай режиссерлері бірігіп түсірген «Ауырсыну» сынды киноленталары бар. Ал Bastau shorts - қысқаметражды фильмдер байқауына қатысу үшін биыл әлемнің 44 елінен 360 өтініш түскен.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ 


Хабарламаларға жазылу