Тайвань халықаралық балалар фильмдерінің кинофестиваліне өтініштер қабылдау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайвань халықаралық балалар фильмдерінің кинофестиваліне өтініштер қабылдау жалғасуда

24.10.2015
Тайвань халықаралық балалар фильмдерінің кинофестиваліне  өтініштер қабылдау жалғасуда

Тайваньдық халықаралық балалар фильмдерінің кинофестиваліне (TICFF/ Taiwan International Children's Film Festival) жұмыстар қабылдау жалғасуда. Шара аясында 12 жасқа дейінгі балаларға арналған үздік туындылар анықталады.

Биылғы фестиваль мынадай аталымдар бойынша өтеді: «Үздік фильм», «Үздік қысқа метражды фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Үздік телевизиялық хабар».  Сондай-ақ, Тайваньдағы  балалар киностудиялары арасында үздікті анықтау мақсатында «Тайвань Award» ұйымдастырылмақ.

Әр аталым  жеңімпазына  4 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

Сайысқа 2013 жылдың 1 тамызы мен 2015 жылдың 31 қазаны аралығында жарық көрген жұмыстар қабылданады.

Қысқа метражды фильмдердің ұзақтығы - 10-30 минут, фильмдердің ұзақтығы - 31-95 минут, телевизиялық хабар  ұзақтығы - 10-95 минут, ал анимациялық фильмдер  ұзақтығы 1-95 минут болу керек.

Айта кетейік, өтініштер 31 қазанға дейін қабылданады. 

Хабарламаларға жазылу