Павлодар қаласының үздік ұстаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласының үздік ұстаздары марапатталды

03.10.2014
Павлодар қаласының үздік ұстаздары марапатталды

Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов облыс орталығының үздік ұстаздарын кәсіби мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті, - деп хабарлайды шаһар басшысының баспасөз қызметі.

Достық үйінде өткен салтанатты шараға Павлодар қаласы және оған қарасты ауылдық елді мекендердің мұғалімдері жиналды. Ал өңірдің педагогика саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер мерекенің құрметті қонағы болды.

Болат Жұмабекұлы құттықтау сөзінде ұстаздық кәсіп емес, өмірлік ұстаным екенін атап өтті. Ұстаздықты жаны қалап, табысты еңбек еткен ардақты ұстаздар «Жыл мұғалімі-2014», «Жыл тәрбиешісі-2014» аталымдары бойынша марапатталды. Б. Бақауов 48 мұғалім және білім беру мекемелерінің жетекшісін мақтау қағаздарымен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады.

Хабарламаларға жазылу